Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек жібереді

1155
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек жібереді, - деп хабарлайды "Адырна" порталы үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді. Бұл мәселе ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен үкіметтік комиссияның отырысында талқыланды", - деп хабарлайды үкімет баспасөзі.

Гуманитарлық көмекке салмағы 38 тоннадан асатын азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар кіреді.

"Жүк жақын арада әуе арқылы жөнелтіледі. Қазақстанның қолдауы Газа секторындағы апатты гуманитарлық жағдайға байланысты Палестинаға көмектесуге бағытталған", - делінген үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұған дейін Қазақстан Палестина халқына бір миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсеткен. Сыртқы істер министрлігі Қазақстан үкіметі Палестина халқы үшін бөлген қаражат БҰҰ-ның Таяу Шығыс жөніндегі агенттігінің есепшотына аударылғанын хабарлады.

Қараша айының басында Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина халқына гуманитарлық көмек көрсету туралы шешімін жариялады.

"Солтүстікте Ресей мен Украина, Таяу Шығыста - Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс жалғасуда. Ауғанстандағы тұрақсыздық жалғасуда. Батыста заңсыз көші-қон мәселесі ушығып барады. Бүгінде Газа секторындағы бейбіт тұрғындар, әсіресе балалар әділетсіз жапа шегуде. Қарт адамдар қақтығыстың құрбанына айналуда. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты міндет. Осыған байланысты мен Палестина халқына 1 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдадым», - деді Тоқаев.

Еске салайық, 7 қазан күні таңертең Израиль Газа секторынан жаппай зымырандық шабуылға ұшырағанын хабарлаған болатын. Палестиналық Хамас қозғалысының ондаған жауынгері елдің шекаралас аймақтарына кірді. Израиль ресми түрде соғыс жағдайын жариялады.

26 қазанда Хамас Израильдің Газа секторын басып алғанын хабарлады. 28 қазанда Израиль Газа секторында «соғыстың жаңа кезеңіне» өткенін жариялады.

Келісім шарттарына сәйкес, өткен жұмадан бастап күн сайын Хамас 13 израильдік кепілге алынған әйелдер мен балаларды, ал Израиль 39 палестиналық тұтқынды, оның ішінде әйелдер мен 19 жасқа толмаған жастарды түрмелерінен босатқандарын айтты.

Пікірлер