Қазақстанда мұнай өндіру көлемі қысқарады

1440
Adyrna.kz Telegram
Сурет: rbc.ru
Сурет: rbc.ru

30 қарашада JMMC бірлескен министрлік мониторинг комитетінің 51-ші отырысы және бейнеконференция форматында ОПЕК+ 36-шы министрлік кездесуі өтті. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Отырыста 2023 жылғы қыркүйек-қазан айларында елдердің келісім бойынша міндеттемелерді орындауы және мұнай нарығындағы ағымдағы ахуал талқыланды.

Министрліктің айтуынша, Қазақстан 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы наурыз айының соңына дейін ОПЕК+ қатысушы елдермен бірлесіп тәулігіне 82 мың баррельге қосымша ерікті қысқартуды қабылдаған.

«Қазақстанда мұнай өндіру 2024 жылдың наурыз айының соңына дейін тәулігіне 1 468 мың баррельді құрайды.

Кейіннен нарықтың тұрақтылығын сақтау мақсатында бұл қосымша қысқартылған көлемдер нарықтық жағдайларға байланысты біртіндеп қалпына келтірілетін болады»,—делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұл ерікті қысқартуды еліміз 2023 жылғы сәуірде қабылдаған еді.

Энергетика министрлігі қосымша ерікті қысқарту мұнай нарығының тұрақтылығы мен тепе-теңдігін сақтау мақсатында ОПЕК+ елдерінің сақтық шараларын күшейтуге бағытталғанын атап өтті.

Пікірлер