Нұрлан Мәсімовтің ісі қайта қаралды

1365
Adyrna.kz Telegram
Сурет: baq.kz
Сурет: baq.kz

Бүгін, 1 желтоқсанда Павлодар облысы полиция департаментінің экс-басшысы Нұрлан Мәсімовтің ісіне қатысты апелляциялық шағым қаралды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Іс бойынша үкімнің күшін жоюға әкеліп соқтыратын қылмыстық процестік заңының елеулі бұзушылықтары анықталған жоқ. Осыған байланысты М. және С-ға қатысты үкім өзгеріссіз, ал апелляциялық шағымдар қанағаттандырусыз қалдырылсын»,—деді судья Марат Рымбаев.

Бұл іс бойынша тағы бір айыпталушы - кәсіпкер Евгений Левковичтің апелляциялық шағымын сот ішінара қанағаттандырды. Сот алқасының шешімі бойынша оған жеті жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыру мерзімі қысқартылды. Сондай-ақ шоттары бұғаттан босатылды.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Мәсімов "Пара алу", "Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу", "Шекараны заңсыз бұзып өту" баптары бойынша кінәлі деп танылған еді. Судья Нұрлан Қайырбеков Мәсімовті 10 жылға соттап, мүлкін тәркілеу туралы үкім шығарды. Алайда айыпталушы өзіне тағылған айыптарды мойындамай,
үкімге аппеляциялық шағым түсірді.

Пікірлер