Ғылымды насихаттау және отандық ғылыми жетістіктерді ілгерілету

555
Adyrna.kz Telegram
Фото: gylymordasy.kz
Фото: gylymordasy.kz

Ғылым технологиялық прогрестің, медициналық жаңалықтардың, экологиялық тұрақтылықтың және біздің өміріміздің көптеген басқа аспектілерінің негізі болып табылады. Ғылымды насихаттаудың бір жолы – білім беру. Ғылыми білімді оқу бағдарламаларына біріктіру және ғылым бойынша қызықты сабақтар, кең аудиторияның назарын аудара алатын іс-шаралар оқушылардың ғылым мен зерттеуге деген қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етуі мүмкін.

Осыған байланысты жастар арасында жалпы ғылымды насихат етіп, оны дамыту үшін түрлі тәсілдер бар. Заман талабына сай қоғамға жаңа білім беру үшін арнайы бағдарламалар, курстар, вебинарлар мен семинарлар өткізуге, алынған қызметтерді дамыту мақсатында маманданған жетекші мен жаңа технологиялар біріктірілгенплатформалар және технологиялық жобалар дайындау қажет. Сонымен қатар ғылымды оқыту орталықтары, ғылыми-техникалық лабораториялар, жаңа ғылым негізінде кең мүмкіндіктер жасайтын мекемелер талап етіледі. Ғылымды насихаттау ғалымдар мен ғылыми ұйымдардың белсенді қатысуын қажет ететінін атап өткен жөн. Олар медиа сұхбаттарға қатысып, танымал ғылыми мақалалар жазу арқылы білім беру бағдарламаларына қатыса алады. Қоғаммен және медиамен өзара әрекеттесу ғылыми тақырыптарды кең аудиторияға таралуына жағдай жасайды.

Осыған байланысты мемлекеттік және жеке институттар, университеттер, және басқа да ғылыми ұйымдарды қаржыландыру, сондай-ақ ғалымдар мен зерттеушілердің білім алуы, инновациялық жобаларды жүргізу, жаңа бағдарламаларды дайындау ісінде мемлекеттік қолдау маңызды рөл атқарады. Жергілікті инфрақұрылымдар, ресурстарды және мұрағатты бағдарламаларды құруға арналған бюджет пен оның әрекет ету механизмдерінің даму мәселесі мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету үшін,бюджеттен қаржыландыру өтініштері болуы шарт.Бұл қаржыландыру жүйесінің ұзақ мерзімделуі, кредит алу, ресми тіркелген жобалар құру сияқты тізімдермен толықтырылады.

Мемлекеттік қаржыландыруды талап ететін жобалардың бірі – өңірлік жоғары оқу орындарын дамыту және көбейту. Өкінішке қарай, өңірлік жоғары оқу орындарының дамуының маңызы еліміздегі көптеген қалаларда тоқырап тұр.

«Бүгінде экономикалық және инвестициялық саясатқа емес, өңірлерге баса назар аударылады және жоғары білім беру жүйесі осы трендтермен үйлестірілуі керек. Сондықтан қазіргі кезде Ғылым және жоғары білім министрлігі бірінші кезекте өңірлік жоғары оқу орындарын жаңғыртуға, олардың әлеуетін арттыруға және өңірлерді дамытудағы рөліне басымдық береді. Өйткені күшті университет – бұл жергілікті экономика мен индустрияның дамуына байланысты болатын күшті кадрлар», деген болатын Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бір сұхбатында.

Бұл мәселе бойынша алға тартылатын шешімдердің бірі өңірлік жоғары оқу орындарына квоталық гранттар беру. Осы арқылы өңірлік маңызы бар, ауылшаруашылық мамандарын, білікті инженерлер мен құрылысшылар, мұғалімдер мен әлеуметтік мамандарды даярлап, сондай-ақ әр өңірдің өзіндік геосаяси жағдайына байланысты жас ғалымдар мен зерттеушілердің де жаңа бағыттар бойынша ізденістерін арттыруға болады.

Жоғары оқу орындарындағы кооперацияны нығайту – ресурстарды біріктіру мақсатында студенттер жəне оқу орындарының арасындағыөзара білім сапасын жетілдіру мүмкіндігі барқызмет көрсету, яғни ғалымдар арасында оқыту мен тәжірибе алмасуды қамтиды. Ал мемлекеттік білім беру органдары мен ұйымдарыынтымақтастықты дамыту арқылы оқу ісін жоғары деңгейге көтеруге мақсатты түрде қолдау көрсете алады.

Қорыта айтқанда, ғылыми білім мен принциптерді насихаттау, оны кең аудиторияға қолжетімді және түсінікті ету әлемде болып жатқан өзгерістер мен құбылыстарды қабылдауға және өмірдің әртүрлі салаларында саналы шешім қабылдауға көмектеседі. Ғылыми сауаттылық мифтермен және жалған ақпаратпен тиімді күресуге ықпал етеді, себебі XXI ғасыр – ақпараттар заманы.

Осы жолда интернет пен әлеуметтік медиа, соның ішінде сайттар, бейне-блогтар, подкастар, және әлеуметтік желі ғылыми білімді таратудың және ғылыми тақырыптар бойынша пікірталастарөткізудің тиімді құралы бола алады.Конференциялар мен ғылыми фестивальдар,көрмелер өткізу іс-шаралары жұртшылыққа нақты ғылыми жетістіктерді көруге, оларды ғалымдармен талқылауға және жалпы ғылыми тақырыптар туралы түсініктерін тереңдетуге мүмкіндік береді.

Қаржыландырудан басқа, жас ғалымдар менстуденттерге ғылым жолында мансапқалыптастыру үшін ынталандыру қажет екенін айта кетейік. Бұған стипендия беру, ғылыми жобаларға қатысу мүмкіндігі және тәжірибелі ғалымдардың тәлімгерлігі арқылы қол жеткізуге болады, сонымен қатар ғылыми бағдарламалар мен конкурстарды қолдау көпшіліктің ғылыми зерттеулерге қызығушылығын арттыра алады.

Айтолқын Арғын
«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер