Шахтадағы ажал. Перудегі шабуылдан тоғыз адам қаза тапты

1142
Adyrna.kz Telegram
ашық дереккөзден
ашық дереккөзден

Перуде шахтаға жасалған шабуылдың салдарынан тоғыз адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі RPP басылымына сілтеп.

Патас провинциясындағы Перудегі шахталардың біріне шабуыл жасалды. Салдарынан кем дегенде тоғыз адам қаза тауып, 15 адам жарақат алды.

Жергілікті билік хабарлағандай, зардап шеккендердің үшеуі ауыр жағдайда.

Перу полициясы шабуыл жасаған топтың төрт адамды кепілге алғанын анықтады. Қазір құзырлы орган шабуылдаушыларды ұстау операциясын бастады.  Жеті қылмыскер қолға түскен.

Пікірлер