17 ата-ана жауапқа тартылды. Алматы облысында оқушылар жаппай төбелесті

2891
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысы Іле ауданы Жәпек батыр ауылында мектеп оқушылары жаппай төбелескен. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, оқиға 29 қарашада болған.

Оқушылардың төбелескен видеосы әлеуметтік желіде тарады.

"Тексеру барысында 9-сынып оқушысы мен 2007 жылғы 10-сынып оқушысы арасында келіспеушілік туындап, кейіннен жаппай төбелеске ұласқаны анықталды", - дейді ведомство.

Қажетті тергеу әрекеттері басталды. Қазіргі күні оқушылармен психологтар жұмыс істеп жатыр.

"Сонымен қатар төбелескен жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127, 435-баптары бойынша 17 әкімшілік хаттама толтырылды. Ал 4 оқушы жансақтау бөліміне түсті деген ақпарат жалған. Балалардың барлығы дін-аман, үйінде", - дейді ПД баспасөз қызметі.

Пікірлер