Израиль Сыртқы істер министрі БҰҰ Бас хатшысын қатаң сынға алды

1389
Adyrna.kz Telegram
Фото: Роман Янушевский
Фото: Роман Янушевский

Израиль Сыртқы істер министрі Эли Коэн БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришті сынады. Министрдің бұл сыны БҰҰ Бас хатшысының Газада атысты тоқтатуға шақыруымен байланысты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Бұған дейін Гутерриш БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің төрағасына жолдаған хатында Қауіпсіздік кеңесін Газа секторындағы гуманитарлық апаттың алдын алуға, сонымен бірге атысты тоқтатуға шақырған. Бұған жауап ретінде Коэн X әлеуметтік желісіндегі блогында сыни жазба жазды.

«Гутерриштің билікте болуы әлем тыныштығына қауіп төндіреді. Оның 99-бапты іске қосу туралы өтініші және Газадағы атысты тоқтатуға шақыруы Хамас лаңкестік ұйымын қолдау және қарт адамдарды өлтіруді, сәбилерді ұрлауды және зорлауды мақұлдау болып табылады. Бүкіл әлемде бейбітшілікті жақтайтын кез келген адам Газаны Хамастан азат етуді қолдауы керек», - деп жазды Израиль Сыртқы істер министрлігінің басшысы.

БҰҰ Жарғысына сәйкес, 99-бапта Бас хатшының Қауіпсіздік Кеңесіне Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға қауіп төндіруі мүмкін кез келген мәселелер туралы хабарлауға құқығы бар екендігі айтылған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазан айында Израиль билігі Гутерриштің БҰҰ Бас Хатшысы қызметінен кетуін талап еткен болатын.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер