«Назарбаев қоры» корпоративті табыс салығынан босатылған. Жеңілдікке ие компаниялар да аталды

1704
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөз бетінен
Фото: Ашық дереккөз бетінен

«Назарбаев Қоры» Қазақстанда корпоративтік табыс салығын төлеуден босатылды, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты Әділ Жұбанов. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы хабарлайды.

«Қазақстанда «Проблемалық несие қоры» АҚ және «Назарбаев қоры» жеке қоры корпоративтік табыс салығын (КТС) төлеуден босатылды. Салықтық жеңілдіктерді MEGA сауда орталықтары желісі, дәрі-дәрмек импорттайтын және оларды жоғары бағамен сататын фармацевтикалық компаниялар, негізінен өнім құрастырумен айналысатын, ҚҚС (Қосылған құн салығы) нөлдік мөлшерлемесі бар және Өзбекстанға экспортқа сататын Hyundai Trans Kazakhstan пайдаланады», - деді Жұбанов сәрсенбі күнгі Мәжіліс отырысында.

Оның айтуынша, Hyundai Trans Kazakhstan Өзбекстан бюджетіне 25 млн доллар салық төлеген. Оның үстіне бұл компания 2015 жылдан бастап мемлекеттен 160 миллиард теңгеден астам субсидия алды.

Сондай-ақ қолданыстағы редакция құрамында мүгедек жұмыскерлері бар компанияларды ҚҚС төлеуден босату бойынша жеңілдіктер – осы жеңілдікті бюджет алдындағы міндеттемелерін азайту үшін айла-шарғы жасауға мүмкіндік береді. Ол қабылданғаннан бері ҚҚС бойынша босатылған айналым сомасы 2018 жылғы 5,4 млрд теңгеден 2021 жылы 86,2 млрд теңгеге дейін 16 есеге өсті.

Салық кодексінде жеке сипаттағы жеңілдіктер беретін нормалар бар, бұл салық салудың әділдік қағидатына қайшы келеді, деп қосты Жұбанов.

Ескере кетейік, корпоративтік табыс салығын Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын заңды тұлға-бейрезиденттер төлейді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер