Алматы қалалық тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті кеңес өткізді

1105
Adyrna.kz Telegram
qunduzkz.wordpress.com
qunduzkz.wordpress.com

Алматы қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің қызметкерлері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сату кезінде бағаның негізсіз өсуі, үстемеақының 15% сақталуы және тиімсіз делдалдарды алып тастау мәселесі бойынша кеңес өткізді.
Аталған кеңеске Алмалы ауданы прокуратурасының, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының, Алмалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің, сондай-ақ ішкі сауда субъектілерінің өкілдері қатысты.
Кеңес барысында қатысушыларға «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ішкі сауда субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына өндірушінің сату бағасының немесе көтерме жеткізушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейтіні туралы ақпарат жеткізілді.
Бұдан басқа, кәсіпкерлерге сауда үстемесін өндірушінің сату бағасының немесе көтерме жеткізушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан асқаны үшін жауапкершілік туралы және бұзушылықтар анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 204-4 бабына сәйкес шаралар қабылданатыны туралы хабардар етілді. Оған сәйкес, ішкі сауда субъектісінің сауда үстемесін бірінші рет 15% - дан асырғаны үшін ескерту жасауға, ал қайталап бұзғаны үшін-10-нан 300 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
Сондай-ақ, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 193-бабының 4-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында бағалар жапсырмасымен ресімделген, сауда объектісінің ішкі немесе сыртқы витриналарында қойылған тауарды бағасын теңгемен көрсетпей өткізу немесеҚазақстан Республикасының аумағында құны бағалар жапсырмасымен ресімделген бағадан асатын, сауда объектісінің ішкі немесе сыртқы витриналарында қойылған тауарды өткізу немесеҚазақстан Республикасының аумағында жария шарт талаптары бойынша тауарды өткізген кезде оның бағасын теңгемен көрсетпеу – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алты, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келетіні туралы ақпарат жеткізілді.
Кеңес соңында кәсіпкерлер өздерініңсұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар берілді.

Пікірлер