Степногорскіде аяз қысқанда жылу желісінде апат болды (ВИДЕО)

1422
Adyrna.kz Telegram

Ақмола облысының Степногорск қаласында жылу трассасында апатты жағдай болды. Оның салдарынан бірнеше көпқабатты үйге жылу беру тоқтатылды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қалпына келтіру жұмыстарын жою және үйлестіру үшін облыс әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен жедел штаб жұмыс істеді.

«8 желтоқсан күні сағат 08:10-да дәнекерлеу жұмыстары аяқталып, жүйеге су тартылды. «Степногорск Теплотранзит» ЖШС мамандары қала тұрғындарының үйлерінде жылумен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді»,—деді әкім.

Айта кетейік, 7 желтоқсан күні сағат 21.45-те жылу желісінде апат болған еді. Нәтижесінде бірқатар көпқабатты үй 30 градус аязда жылусыз қалды.

<

Пікірлер