10 желтоқсан - бас қала Ақмолаға көшірілген күн

1855
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

1997 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан астанасы Ақмола қаласына көшірілді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

1997 жылы 10 желтоқсаннан бастап Ақмола Қазақстанның астанасы болып ресми түрде жарияланды.

Жаңа астананы салу идеясы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі болған.

Алматының астана дәрежесін Ақмолаға беру туралы шешім 1994 жылы 6 шілдеде Елбасының ұсынысымен Қазақстанның Жоғарғы кеңесте қабылданған.

1997 жылы 20 қазанда Назарбаев елорданы ауыстыру туралы жарлыққа қол қойған.

Елорданы ауыстыру туралы шешім қабылданған кезде, Ақмола қаласында 290 мыңдай ғана халық тұрған. Тұңғыш президент бұл шешімін «Еуразия жүрегінде» атты кітабында түсіндірген:

«Ақмола Қазақстанның географиялық орталығы деуге болатын, Қазақстан экономикасының өрлеуінде жетекші де өскелең нүктелері болып отырған маңызды шаруашылық өңірлерге жақын орналасқан. Қала ірі көліктік арналардың қиылысында, тоғыз жолдың торабында тұр. Бұдан басқа, қала Қазақстан үшін көптеген шет елге шығудың мейлінше төте жолы – трансеуроазия арналарына таяу қоныстанған», – деп жазған Нұрсұлтан Әбішұлы.

1997 жылдары стананың іргетасын қалағандардың бірі, ҚР еңбек сіңірген сәулетшісі Серік Рустамбековтің естелігінде:

"10 желтоқсан - мен үшін, ел үшін ұмытылмас күн. 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті ант қабылдады. Мен ол кезде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болдым. Содан кейін ҚазКСР-ді Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы заң қабылданды. 1993 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің тарауы өтті, ол жерде мен депутат, құрылыс және сәулет комитеті төрағасының орынбасары болдым. 1997 жылы Ақмола қаласы ресми түрде астана болып жарияланды. Жиналыс өткізілді, қаланың кілті әкелінді. Салтанатты рәсім әкімдіктің алдындағы алаңда өтті. Көрермендер алдында мінберде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті сөз сөйледі, мен сол топтың ішінде тұрдым. Күн аяз болды. Таңқаларлықтай жаңа қала құрылды. Астанамыз тек әкімшілік емес, іскерлік, мәдени және спорт орталығына айналды. Бұл менің жұмысымның бөлігі", - деді сәулетші.

Пікірлер