Ұлттық қорғаныс университетінің атынан Назарбаев есімін алып тастауға дайындық жүріп жатыр

938
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бауыржан Жуасбаев
Фото: Бауыржан Жуасбаев

Ұлттық қорғаныс университетінің атауынан экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін алып тастауға дайындық жүріп жатыр, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ҚазТагқа сілтеме жасап.

Қазіргі нұсқада оқу орны «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті» деп аталады.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға ақшалай қаражатты есептеу, оларды төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 16-тармағы Министрліктің «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің атынан «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы» деген сөздер алып тасталсын. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі», - делінген ұсынылып отырған түзетудің негіздемесінде.

2022 жылғы қаңтардағы қанды оқиғадан кейін Қазақстан Назарбаевқа оның ықпалының сақталуына әсер еткен түрлі өкілеттіктер мен мәртебелер беретін нормативтік құқықтық актілерден айырылу мәселесін қарастыра бастады. Осындай соңғы өзгерістердің қатарында 4 шілдеде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіптік біліктілік, мемлекеттік наградалар, әлеуметтік қамсыздандыру және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Назарбаевты оның есімі бойынша құрылымдардың қамқоршылық кеңестерінің басшысы мәртебесінен айыруды мақұлдады.

Бұған дейін Назарбаев тағы бір стратегиялық ұстанымынан айырылуы мүмкін деп хабарланған болатын. Сонымен қатар қарашада Тоқаевтың Назарбаев басқарған «Самұрық-Қазына» қорының басқармасын таратқаны белгілі болды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер