Жаңаөзенде жерастындағы ойынхана анықталды

1973
Adyrna.kz Telegram

Жаңаөзенде астыртын ойын мекемесі анықталды, деп хабарлайды “Адырна” порталы Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметіне сілтеп.

«Жаңаөзен қаласында заңсыз ойын бизнесімен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топ анықталды. Қатысушылар мекеменің тұрақты жұмыс істеуі үшін ойын бизнесіне арналған компьютерлер балансын жүйелі түрде толықтырып, нысанның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, заңсыз пайда жинап, басқа да ұйымдастыру-басқару қызметтерін атқарған», - делінген сәрсенбіде тараған хабарламада.

Тінту кезінде ойын ойнауға арналған құрылғылар: жүйелік блоктар, мониторлар, чек принтерлері, чек сканерлері, теледидарлар, телефондар және қолма-қол ақша тәркіленді.

«Заңсыз әрекеттерден түскен қылмыстық кіріс көлемі 77 миллион теңгеден асты», - деп түсіндірді ҚМА.

Пікірлер