Өскеменде 14 жастағы бала көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен құлап кетті

1237
Adyrna.kz Telegram
Фото: http://ukropnews24.com
Фото: http://ukropnews24.com

Өскеменде 14 жастағы бала көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен құлап кетті. Оқиға Назарбаев даңғылында болған. Бұл туралы Altaynews.kz жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен жеткіншекті жедел жәрдем «Ана мен бала орталығына» жеткізген. Дәрігерлердің айтуынша, жарақаты ауыр. Бала қазір жансақтау бөлімінде.

Полиция әзірше бұл жағдайға қатысты ақпарат бермеді.

Пікірлер