Жүргенде есігі ашылған. Автобустан құлаған адам не болды?

880
Adyrna.kz Telegram
Видеодан скриншот
Видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде бейтаныс әйел адамның жүріп келе жатқан автобустан құлап кеткен видеосы тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

24 ақпан күні Instagram желісінде жарияланған жазбадағы оқиға Астана қаласында болған.

Кадрда бейтаныс әйел адам лық толы қоғамдық көлікке кіріп келе жатқанын, артынша есіктердің жабылғанын көруге болады. Автобус қозғала бастағанда, есік қайтадан ашылып, әйел адам салоннан құлап кетеді.

Жолаушы әйел автобустан құлап кеткен соң есіктер қайта жабылып, қоғамдық көлік өз жолын жалғастыра берген. Ал құлап кеткен жәбірленушіге не болғаны белгісіз.

Бұл жағдай әлеуметтік желі оқырмандарының наразылығын тудырды. Олар автобустың ештеңе болмағандай жүріп кеткеніне таңғалды, ал оқиғаға куә болған ер адамдар бұл туралы жүргізушіге хабарлауға тырыспаған.

Астанадағы көлік кешенін басқаратын «Қалалық көлік жүйесі» компаниясы бұл оқиғаға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер