Тақиялы Тайлақ ағылшын тілінде Lucas болып сөйлейді

1038
Adyrna.kz Telegram

Тақиялы періште” фильміндегі  Тайлақ ағылшынша сөйлей бастады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Әлеуметтік желіде фильмді ағылшын тілінде дубляждап жатқан видео тарады.

«Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында АҚШ елшілігінің қызметкерлері классикалық қазақ көркем фильмдерімен танысып, оларды ағылшын тіліне аударып көргісі келді. Сүйікті фильмдеріңіздің ағылшын тіліндегі толық нұсқасын көргіңіз келе ме?», - деді елшіліктен.

Ағылшынша аудармада Тайлақты - Lucas, Биші қызды - Lola, Сырлыбай бидің сөзін - Colin
Ермек Серкебаевты - Johnibek, Оралды Chris дыбыстаған.

Еске салайық, режиссер Шәкен Аймановтың «Тақиялы періште» фильмі 1968 жылы жарыққа шықты.

Кинода еңсегей бойлы, алпамса денелі, дархан мінезді, кең пейілді Тайлақ сүйікті тақиясын басынан тастамай жүреді. Анасы (Тана – Әмина Өмірзақова) баласын баласын еркелетіп, «Тақиялы періштем» деп атайды.

 

Пікірлер