«Махаббат, қызық мол жылдардың» иесі. Әзілхан Нұршайықовтың туғанына - 101 жыл

6833
Adyrna.kz Telegram

Бүгін — Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықовтың туған күні.

Дара тұлға Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Келінсүйегі деген жерде 1922 жылдың 15 желтоқсанында дүниеге келген.

Алматы қаласындағы Тау-кең институтында, Семейдегі қазақ педагогикалық училищесінде, Алматыдағы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінде оқыған. 1941 – 1945 жылдары — Ұлы Отан соғысына қатысты.

1953–1979 жылдары — “Қазақстан пионері” (қазіргі “Ұлан”) газеті, “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газеті, Павлодар облысы “Қызыл ту” газеті, республикалық “Қазақ әдебиеті” газеті, Қазақ Совет энциклопедиясы, Қазақстан Ғылым Академиясы Әдебиет және өнер институтында қызмет атқарған.

Қаламгердің қаламынан туған «Махаббат жыры», «Тоғыз толғау», «Автопортрет», «Ма­хаб­бат, қызық мол жыл­дар», «Ақи­қат пен аңыз», «Екі естелік», «Жамбылға хат», «Менің заман­даста­рым», «Қаламгер және он­ың достары», «Мәңгілік махаббат жыры» сияқты кі­таптары оқырман қауым мен сыншы­лар­дан жоғары бағасын алған.

Пікірлер