«Қазақстан аруы – 2023» байқауының жеңімпазы анықталды

2014
Adyrna.kz Telegram

Алматылық Сабина Ыдырысова республикалық «Қазақстан аруы — 2023» байқауының жеңімпазы атанды. Бойжеткенге 5 млн теңгенің сертификаты табысталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Байқау экологияны қорғау аясында «Болашақты аяла» - «Защити будущее» ұранымен өтті. Жеңімпаздың тәжі мен Қазақстанның бірінші аруы атағын иелену үшін 25 қыз бақ сынасты.

Қазылар алқасының құрамында Айдай Исаева, Томирис Кәкімова, Еркебұлан Тоқтар, Жания Джуринская, қырғыз дизайнері Арзубек Вонама, Анжела Пересыпкина және Мадина Сәдуақасова болды.

«Қазақстан ғалам аруы» тәжі мен «Әлем аруы» байқауына жолдама 23 жастағы Мадина Әлмұхановаға берілсе,

«Қазақстан жер аруы» атағы мен «Жер аруы» байқауына жолдаманы 20 жастағы Аяулым Алимхалиева иеленді.

Ботагөз Нұржігітова «Қазақстан вице-аруы – 2023» атанды.

Сайтта дауыс беру арқылы көрермен көзайымы сыйлығының иегері Аделина Багумбаева болды.

Пікірлер