Қазақстан мен Қытай шекарасы жабылады

1787
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері 2023 жылғы 16-17желтоқсанда және 2024 жылғы 1-2 қаңтарда жұмыс істемейді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

  «Мемлекеттік кірістер комитеті өткізу пункттерінің алдында топталуға жол бермеу мақсатында, тасымалдаушыларды және Мемлекеттік шекараны кесіп өтуге ниет білдірген өзге де адамдарды ауа райы жағдайларын ескере отырып, тасымалдау маршруттарын алдын ала жоспарлау және өткізу пункттеріне брондалған күні келу қажеттігі туралы хабардар етеді.

     Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері арқылы жүк автокөлік құралдарын өткізу «CarGoRuqsat» (https://cgr.qoldau.kz/ru/start/) автоматтандырылған электрондық кезек жүйесінде өткізу күнін брондау арқылы жүзеге асырылатынын назарларыңызға саламыз»,—делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Пікірлер