Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты болды

1056
Adyrna.kz Telegram
Фото: Sinegor.kz
Фото: Sinegor.kz

Ақмола облысында болған ауыр оқиғаның салдарынан бірнеше адам қаза тапты. 15 желтоқсандағы ақпарат бойынша жол апаты Қостанай – Әулиекөл – Сұрған тас жолының бойындағы Ковыльное ауылының маңында болған, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

ВАЗ 21145 көлігінің 18 жастағы жүргізушісі алдында келе жатқан Audi көлігімен соқтығысқан. Шетелдік көлік қарсы жолаққа шығып кетіп,  қарсы жолақта келе жатқан Volvo жүк көлігіне соғылған. Салдарынан екі көлік те толығымен жанып кеткен.

«Ауди-100 жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, ал көліктің жолаушылары (40 жасар ер адам, әйел, үш айлық сәби және бесінші сыныптағы қыз) жалынға оранып, мерт болды», - делінген хабарламада.

Қаза болған жолаушылардың жеке басы мен оқиғаның мән-жайы анықталуда. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер