ТӨРЕГЕЛДІ ШАРМАНОВ: Егемендік – ең қастерлі құндылық

1359
Adyrna.kz Telegram
Сарыла күткен арманның, ұлы күрестердің жемісі. Оның ауқымын бір ауыз сөзге сыйдыру мүмкін емес. Тарихқа көз тастасақ, тағдырдың қилы соқпағынан халқымыз аз қасірет шеккен жоқ. Ашаршылық алапатын, соғыс зобалаңын, отаршылдық езгісін бастан өткерді. Ең бастысы, еңсеміз езілмеді.
Тәуелсіздіктің тұғырын сақтап қалу – үлкен аманат, ұлы борыш. Оған ұлтын сүйген әрбір адам үлес қоса алады. Әркім өз ісіне, мамандығына адал болса, адамгершілік қағидаттарынан аттамай түзу жүрсе, табанды еңбек етсе егемендіктің еңселенуіне қосқан үлесі сол. Осы бір қастерлі құндылықтың қадір-қасиетін жас ұрпақ жан-тәнімен сезінсе, жүрегімен түйсінсе қадамымыз нық, Қазақстанымыздың болашағы жарқын болмақ.

 

 

Пікірлер