Алматыда мұз бен қар еріп, Есентай өзені арнасынан асты

1152
Adyrna.kz Telegram
Фото: Алматы қаласы әкімдігі
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда Есентай өзенінде су тасқыны жүрді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соңғы екі күнде Алматыда ауа температурасы 0 градусқа дейін жылып, ауа райы өзгерді. Салдарынан Оспанов көшесінің төменгі бөлігінде орналасқан Есентай өзені арнасының бойында қар мен қатқан мұз еріді. Нәтижесінде секундына 20 текше метрге дейінгі максималды ағынмен жергілікті мұзды су тасқыны болып, су деңгейі 1,5 метрге көтерілген.

Әкімдіктің мәліметінше, коммуналдық қызмет су тасқыны тоқтатқан. Арнасынан тасыған өзен суын тоқтату үшін 60-қа жуық қызметкер жұмылдырылыпты.

"Жиналған судың болжамды көлемі шамамен 15 мың текше метр суды құрайды. Есентай тұндырғышы судың үлкен массасын ұстауға арналған, тұндырғыштың астында су арнайы құбырлар арқылы кедергісіз және тасқынсыз ағып жатыр", - деп хабарлады қала әкімдігі.

Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, зардап шеккендер жоқ.

Пікірлер