Жамбылдық құтқарушылар көмекке келген қырғыз әріптестерін шығарып салды

960
Adyrna.kz Telegram
Фото: vtvs_taraz
Фото: vtvs_taraz

Жамбылдық құтқарушылар Қордай ауданындағы апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуге көмекке Қырғыз Республикасынан келген әріптестеріне алғыс білдіріп, шығарып салды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетсек, көрші елден 8 бірлік техника мен 42 жеке құрам көлеміндегі күштер мен құралдар келген болатын.

Қырғызстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері ескі Қордай асуында 16 адамды, 2 жүк көлігі мен 3 жолаушылар көлігін құтқарыды.

Жамбыл облысының Қордай ауданында апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізген қырғыз құтқарушыларға алғыс хаттар табыс етілді.

Пікірлер