Атырауда баспанасыз қалғандарға арналған жаңа орталық ашылды

1085
Adyrna.kz Telegram

Атырауда Лесхоз шағын ауданындағы жаңадан салынған үш қабатты орталық баспанасыз жүргендерді қабылдайды. Бұл туралы «Ақ Жайық» басылымы жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Ғимаратта тұрушыларға барлық жағдай жасалған. Лифт, душ, демалыс бөлмесі, жиһаздалған бөлмелер бар. Бұған дейін баспанасыздарға арналған орталық 1977 жылы салынған бір қабатты ғимаратта орналасқан болатын. 2010 жылы ғимарат қауіпті деп танылып, былтыр бұзылды.

Жаңа орталық 70 орынға есептелген. Бірінші қабатта адамдар түнейтін бөлмелер бар. Орталық қызметкерлері оларды төсек-орын жиынтығымен, қажет болған жағдайда таза киім-кешекпен қамтамасыз етеді. Олар жуынып-шайына да алады», - деп жазды жергілікті басылым.

Пікірлер