Бүкіл Қазақстан бойынша теледидар мен радио өшіріледі

1085
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Осы сенбіде Қазақстанның барлық аумағында профилактикалық жұмыстарға байланысты теледидар мен радио өшіріледі, деп хабарлайды «Адырна»  ұлттық порталы. Қазтелерадионың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2023 жылғы 23 желтоқсанда Астана уақыты бойынша сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін «Қазмедиа орталығы» хабар тарату ядросын жаңғыртудың кезекті кезеңін аяқтау шеңберінде барлық технологиялық кешеннің желілік жабдығын ауыстыру жоспарлануда. Сондай-ақ «Қазтелерадио» АҚ спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистердің жабылуымен профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады», - делінген хабарламада.

«Қазтелерадиода»  уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер