Асы үстірті мемлекет иелігіне қайтарылды

1218
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Асы үстірті мемлекет иелігіне қайтарылды. Бұл туралы «Жер аманаты» республикалық комиссиясының өңірдегі көшпелі отырысында айтылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

 Мәлімет бойынша, 3,5 мың гектар жер бұрын «Іле-Алатау тур» ЖШС-не тиесілі болған. Жерге иелік еткен «Іле-Алатау турдың» 7 миллион теңгеге жуық салық берешегі бары анықталды.

Айта кетсек, Ассы биік таулы үстірті - Алматы қаласынан 100 км қашықтықта орналасқан таңғажайып табиғат мүйісі. Үстірт теңіз деңгейінен 3 мың м биіктікте орналасқан. Іле-Алатау ұлттық саябағының құрамына кіреді және мемлекет қорғауында.

 

Пікірлер