Кенияда су тасқынынан 174 адам қаза тапты

1168
Adyrna.kz Telegram
Фото: Joy Nabukewa/Xinhuа
Фото: Joy Nabukewa/Xinhuа

Кенияда нөсер жауын мен су тасқынынан 174 адам қаза тапты.Бұл туралы  Синьхуа агенттігі жариялады, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы.

Ақпарат бойынша, Кения Үкіметінің ресми өкілі Исаак Мваура Найробиде журналистерге берген сұхбатында елдің оңтүстік-шығысындағы Тана өзені аймағы мен Ламу аймағы су тасқыны болғанын айтқан.

«Соңғы үш күнде 6 адам көшкіннің астында қалды. Төтенше жағдайларды басқару ұлттық орталығы соңғы оқиғалардың салдарын азайту үшін құзырлы мекемелер мен жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, су тасқыны жағдайын жіті бақылауды жалғастыруда. Қазан айынан бері Ал-Нино құбылысы тудырған толассыз жауған жаңбыр 47 ауданның 38-іне әсер етіп, қатты су тасқынына әкелген. Исаак Мваура елдің оңтүстік-шығысындағы Тана өзені аймағы мен Ламу аймағы су тасқынынан ең қатты зардап шеккенін айтты. Бұл аймақтарда төтенше жағдайды жою және халыққа көмек көрсету жұмыстары жалғасуда», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Кенияның метеорологиялық қызметі қазан айында басталған қалыптан тыс ауа райы 2024 жылдың қаңтарына дейін жалғасады деп болжап отыр.

Пікірлер