Қазақстандық спортшы Грузияда өткен әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

874
Adyrna.kz Telegram
Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz

Бакурианиде (Грузия) фристайл-могулдан әлем кубогының кезеңі басталды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Әйелдер арасында сайысқа түскен қазақстандық Юлия Галышева тоғызыншы орында нәтиже көрсетті. Бірінші орынды Энтони Джакара (Австралия), екінші орынды жапондық Рино Янагимото, үздік үштікті америкалық Ханна Соар түйіндеді.

Анастасия Городко 13-ші, Аяулым Амренова 18-ші орынға табан тіреді.

Ерлер арасындағы бәсекеде жапондық Икума Хоришима үздік атанса, шведтік Филип Гравенфорс екінші орын алып, канадалық Микаэл Кингсбери турнирді қоламен аяқтады.

Павел Колмаков 11-ші, Федор Бугаков 31-ші, Антон Бондарев 33-ші, Максим Емельянов 41-ші болып мәреге жетті.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер