Маңғыстау облысында жаңа жылдық шырша құлады

1887
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Маңғыстау облысының Шетпе ауылындағы алаңда құрылған жаңа жылдық шырша құлады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі inAktau порталына сілтеп.

Жаңа жылдық шырша бір тәулікке жетпей құлап қалған.

Маңғыстау аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінде бұл оқиғаның болуын ауа райының нашарлауына байланыстырды.

«Шырша 21 желтоқсанда орнатылды, орнату толығымен аяқталмады. Кеше Шетпе ауылындағы желдің жылдамдығы секундына 20 метрге жетіп, шырша құлап түсті. Қазіргі уақытта ол көтерілді, монтаждау жұмыстары аяқталады, оның ішінде жоғарыда аталған оқиғаларды болдырмау үшін шыршаның негізін нығайтады. Жасанды шырша жаңа емес, ол былтыр және оның алдындағы жылы да қолданылған», - деп хабарлады әкімдіктегілер.

Пікірлер