Көкшетаудағы Назарбаев көшесінде субұрқақ атқылады

1030
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынған
Фото: видеодан алынған

Көкшетаудағы Назарбаев көшесінде субұрқақ атқылады. Бұл оқиғаға қатысты қала әкімдігі өкілдері түсінік берді, деп хабарлайды «Адырна” ұлттық порталы.

Желіде жарияланған видеокадрларда жол бойында 2-3 метрдей биіктікке дейін су атқылаған. Бұл жайт бойынша Көкшетау әкімдігінің өкілдері пікір білдірді.

«Назарбаев көшесінде гидранттарда ақау шықты. Қазіргі уақытта ақаудың себептері анықталып, жою бойынша жұмыстары жүргізілуде. Қала тұрғындарынан пайда болған олқылықтар үшін кешірім сұраймыз», - делінген хабарламада.

Оқиға орнына Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса барып, ақаудың себептерін білді.

«Ақауды жоюға "Су арнасы" мекемесі мен Өрт сөндіру қызметкерлері жұмылдырылды. Қазіргі уақытта су серпіні тоқтатылды, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде», - деп хабарлады әкімдіктен.

Пікірлер