Министр жалақыны есептеудегі өзгерістер туралы айтты

1013
Adyrna.kz Telegram

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ең төменгі жалақыны есептеу бойынша әзірленіп жатқан жаңа әдістеме туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Бұл әдістеме келесі жылы әзірленеді. Әдістеменің негізгі алғышарттары орташа жалақы мен еңбек өнімділігі қолданылады. Бүгінге дейін болмаған нәрсе. Ең төменгі жалақы Қазақстандағы еңбек өнімділігіне және орташа жалақыға байланысты болады», - деді министр.

Ол президент 2024 жылы ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырғанын еске салды.

«Бұл жұмыс қазірдің өзінде аяқталды. Келесі жылдан бастап ең төменгі жалақы 85 мың болады. Келесі жылы жаңа әдістеме әзірленеді, талқылау болады», - деді министр.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер