Министр автагаз бағасын көтерді. Батыста - 54 теңге, Алматы облысында - 86 теңге

1154
Adyrna.kz Telegram

Энергетика министрінің жанармай құю станцияларына жаңа шекті бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы бұйрығы 25 желтоқсанда жарияланды және 2024 жылдың басынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Өңірлер бойынша 1 литр үшін бекітілген шекті бағалар:

Астана – 76 теңге;

Алматы – 81 теңге;

Шымкент – 64 теңге;

Алматы облысы, Солтүстік Қазақстан облысы – 81 теңге;

Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары – 54 теңге;

Ақмола облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Қостанай, Қарағанды ​​облысы – 76 теңге;

Жамбыл облысы – 71 теңге;

Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстары. – 64 теңге;

Павлодар облысы – 74 теңге;

Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары – 76 теңге.

Облыс орталығынан шалғайдағы (200 шақырымнан астам) елді мекендер үшін де шекті бөлшек бағалар бекітілді.

Айта кетейік, Энергетика министрлігінің шенеуніктері автогаз бағасын жылына екі рет көтереміз, яғни бұл бағалар жаздың ортасына дейін сақталуы керек деп уәде берді. Ал алдағы уақытта автогаз құны 92 маркалы бензин құнының 70 пайызынан аспайды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер