Алматыда «сәнденген» автокөлік иелеріне айыппұл салынды

1112
Adyrna.kz Telegram
Фото polisia.kz
Фото polisia.kz

Алматы полицейлері «сәнденген» көлік иелеріне айыппұл салды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, тәртіп бұзушылар әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталған.

«Mercedes-Benz және BMW автокөлігі жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілері анықталды, Олар өз көліктерін сәндеп, осылайша ӘҚБтК - нің 590-бабының 7-бөлігінің нормаларын бұзды. Сонымен қатар құқық бұзушылардың іс - әрекеттерінде ӘҚБтК-нің 595-бабының 1-бөлігінің талаптарын бұзу белгілері де байқалды», - делінген хабарламада.

ӘҚБтК-нің 590-бабының 7-бөлігіне айыппұл 15 АЕК көлемінде, ал 595-баптың 1-бөлігі 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Жергілікті полиция қызметкерлері көлік жүргізушілерін анықтап, жауапкершілікке тартты.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер