Жылды қалай қорытындыладым? - Әйгерім Есенәлі

1288
Adyrna.kz Telegram

Журналист Әйгерім Есенәлі әлеуметтік желіде челлендж бастады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. 

Журналист, "Өмір көркем" бағдарламасының жүргізушісі Әйгерім Есенәлі жылды қорытындылау мақсатында жаңа челлендж бастады.Әлеуметтік желісіне жүктеген видеода:

"Достар, 365 күн бойы сіз өз энергияңыз, қуатыңыз, біліміңіз, ресурсыңызды қайда жұмсадыңыз? Сізді жылды қорытындылауға челлендж бастайық. Мен бастайын

23 жыл әртүрлі қызметтерден кейін медиа саласында "Ақпарат саласының үздігі" деген медаль алдым. Одан кейін "Ерен еңбегі үшін" деген мемлекеттік награда. Құттықтауларыңызға рақмет тағы да! "Өмір көркемде" 500-ден аса адаммен сұхбат құрыппын. "Сөзің өтімді болсын" курсында 250-ден астам адамның қолына сертификат бердік. Елімізде бизнестің дамуына жақсы мүмкіндіктер бар. Продакшнда 3 ірі жобаны жаптық. Менің ойымша, еліміз тыныш. Таңертең тұрып, мақсатыңды қойып, оны жүзеге асыруға мүмкіндіктер бар ", - деп биылғы жылында қандай өзгерістер болғанын айтты.

Журналистің сөзінше, биыл қызында да, өзінің мансабында да нағыз табысты жыл болған.  "Ақпарат саласының үздігі" атанған тележурналист әріптестері мен оқырмандарына осы челленджі жолдады.

Пікірлер