Қаракөл көлінде құс тұмауынан 30 аққу өлді

1058
Adyrna.kz Telegram
Фото: Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының мамандары
Фото: Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының мамандары

Ақтау маңында құс тұмауынан 30 аққу өлді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

21 желтоқсанда Қарақия-Қарақөл мемлекеттік табиғи резерватының инспекторлары 30 аққудың өлігін тапқан.

«Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары сынақ жүргізді. Нәтиже расталып, құс тұмауы вирусының бар екені анықталды», - делінген хабарламада.

Облыстық экология департаменті жиналған су сынамаларындағы ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан аспағанын хабарлады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер