Ақмола облысында жол талғамайтын көлік мұз астына түсіп кетті

1216
Adyrna.kz Telegram

Ерейментау ауданындағы Қоржынкөл көлінде балықшылар көлігі жартылай мұз астына түсіп кетті. Қысқы балық аулау әуесқойларына Ақмола облысының құтқарушылары көмекке келді, - деп хабарлайды “Адырна” тілшісі Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көлікті шығару үшін құтқарушылар арнайы техниканы қолдануға мәжбүр болды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын су айдындарының бетінде көлікпен жүруден бас тартуға шақырады.

 

Пікірлер