Алматыда кейбір автобус бағыттарының нөмірі өзгертілді

1235
Adyrna.kz Telegram
фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда нөмірлеудің қайталануын болдырмау мақсатында кейбір автобус бағыттарының нөмірлері өзгертілді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Алматы қаласы қалалық мобилділік басқармасына сілтеме жасап.

Келесі маршрут нөмірлері өзгертілді:

№20а автобусы №58 болып өзгертілді;
№104а автобусы №139 болып өзгертілді;
№115а бағыт №136 болып өзгертілді;
№125а бағыт № 143ш болып өзгертілді (мектеп маусымы кезеңінде жарамды);
№133а бағыт № 144ш болып өзгертілді (мектеп маусымы кезеңінде жарамды).

Айта кетейік, 2023 жылы Қарғалы өзенінің бойында Абай даңғылынан №208 мектепке дейін ұзындығы 360 метр және ені 2,5 метр болатын L-тәрізді тротуар салынды.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер