Алматы облысында екі апта бойы іздеуде болған әйел табылды

1810
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Алматы облысында жоғалған әйел табылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп.

2023 жылдың 25 желтоқсанында жоғалып кеткен 33 жастағы әйел табылды. Екі баланың анасы Кеген ауылының тұрғыны.

"Барлық қажетті іздестіру шаралары басталып, нәтижесінде жоғалған әйелдің орналасқан жері анықталды. Ол жақындарына табысталды", - деді Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Пікірлер