Терезесі ұшып кеткен. Қазақстанда Boeing 737 MAX ұшақтары қолданыстан алынбайды

1192
Adyrna.kz Telegram
Фото: Getty Images
Фото: Getty Images

Қазақстанда тіркелген Boeing 737 MAX ұшақтары қолданыстан алынбайды. Бұл туралы Қазақстанның азаматтық авиация комитеті мәлімдеме жасады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Еске салсақ, осы аптада АҚШ-та Портлендтен Калифорнияға ұшып шыққан Alaska Airlines ұшағының терезесі ұшып кеткен болатын. Оқиға жерден 5 шақырым биіктікте болған.

Осыған байланысты АҚШ пен Еуропада Boeing 737 MAX 9 ұшағы қолданыстан шығарылып, тексеру басталды.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі елдегі осы типтегі ұшақтарды пайдаланушылармен, сондай-ақ Boeing және FAA-мен әрі қарай қандай шара қабылдайтынын шешу үшін тығыз байланыста.

«Қазақстанда Boeing 737-9 MAX ұшағының 5 данасы тіркелген, бәрінде ұшуға жарамдылық сертификаты бар. FAA ұшуға жарамдылық жөнінде шұғыл директива шығарды (51.02.2024). Ұшуға жарамдылық директивасы автоматты түрде барлық B-737 MAX пайдаланушыларына қолданылады. Бұл директива орташа кабинаның апаттық шығу люгі орнатылған кез келген санатта сертификатталған Boeing компаниясының B737-9 үлгісіндегі әуе кемелеріне қолданылады» деп мәлімдеді комитет.

Қазақстанда тіркелген әуе кемелерінде апаттық шығу люгі емес, есігі пайдаланылады, демек директиваның еліміздегі әуе кемелеріне қатысы жоқ.

Пікірлер