Сенат депутаттары Жоғарғы Сот судьяларын отставкаға жіберді

1120
Adyrna.kz Telegram

Сенат депутаттары Жоғарғы соттың бірнеше судьясын қызметінен босатты, - деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Мемлекет басшысының судьяларды қызметінен босату туралы ұсынысын Жоғарғы Сот Кеңесінің Төрағасы Денис Шип оқыды.

«Сіздердің қарауларыңызға Мемлекет басшысының Жоғарғы Соттың судьялары Ақылтай Ахмеджанұлы Касимовты, Альфия Сағдуловна Савинованы, Айгүл Әнуарбекқызы Сапарованы қызметінен кетуіне байланысты, сондай-ақ Ербол Жұқатұлы Исмаиловты басқа пощияциялы қызметке тағайындалуына байланысты қызметінен босату туралы ұсынысын енгіздік», - деді Денис Шип Сенаттың жалпы отырысында.

Оның айтуынша, судьялар Савинова мен Сапарова зейнеткерлік жасқа толды, судья Касимов судья лауазымын атқарудың ең жоғары жасы – 67 жасқа толды.

"Барлығының 26-дан 41 жасқа дейінгі сот қызметінде үлкен тәжірибесі бар. Судья Исмаилов Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 12 шешімімен Еуразиялық экономикалық одақ сотының судьясы лауазымына тағайындалды. 2024 жылдың 1 қаңтарында Жоғарыда аталған судьялардың барлығы судьялар қауымдастығында үлкен беделге ие. Құрметті депутаттар, Мемлекет басшысының Жоғарғы Сот судьялары Касимовты, Савинованы, Сапарованы отставкаға кетуіне байланысты қызметінен босату туралы ұсынысын қолдауыңызды сұраймын», - деп қосты Шип.

Депутаттар судьяларды қызметінен босатуға бірауыздан дауыс берді.

Пікірлер