Бишімбаевтың сотында алқабилердің бірі ауыстырылды

537
Adyrna.kz Telegram
Фото: informburo
Фото: informburo

Әйелін аяусыз өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралуда, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бүгін сот отырысында алқабилердің бірі ауыстырылды. Бұл туралы судья айтты.

"Процеске қатысушылар назарына, сот отырысы залына денсаулық жағдайы бойынша 2 нөмірлі алқаби келген жоқ. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 645-бабына сәйкес алқабилер мен қосалқы алқабилер істі сот талқылауы кезінде үнемі қатысуға тиіс. Егер сот талқылауы барысында, бірақ, алқаби мен судья үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне шыққанға дейін алқабилердің кез келгені сот отырысына қатысуды жалғастыра алмайтыны анықталса, онда ол қосалқы алқабилердің тегі көрсетілген билеттер жәшіктен шығарылған тәртіппен қосалқы алқабилермен ауыстырылады. Осыған байланысты Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 645-бабына сәйкес №11 запастағы алқабиден №2 алқабидің орнына отыруды сұраймын", - деді судья Айжан Кулбаева.

Пікірлер