Исландияда жанартау атқылап, елді мекендерге жақындаған

1193
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Исландияда жанартау атқылауда, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі РБК-ға сілтеп.

Гриндавик қаласының маңында жанартау атқылап, елді мекендерге жақындаған. Бұл туралы Исландия ұлттық полициясы хабарлауда.

Исландияның батыс бөлігіндегі жанартаудың атқылауы 14 қаңтар күні таңертең басталған.

Вулканолог маман Торвалдур Тордарсон егер атқылау қазіргі қарқынымен жалғаса берсе, шамамен бір аптаға созылатынын айтады.

Алдын ала ақпарат бойынша, жанартау жер сілкінісінен кейін атқылап, жер қабатында жарықшақ пайда болған. Ал жарылыс болған жерге қауіптілік деңгейін бағалау үшін тікұшақтар жіберілді.

Пікірлер