Қазақстанда ЛГБТК+ жасөспірімдерге арналған сайт ашылды

2125
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда ЛГБТК+ жасөспірімдерге арналған алғашқы сайт ашылды. Алайда желі қолданушылары дәстүрлі емес сексуальды бағыт насихатына наразылық білдіріп жатыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жоба авторлары Саша Казанцева мен Мүтәлі Москеудің айтуынша, оны халықаралық ұйымдар қаржыландырады.

Сайт бетінде жыныс бағдары, гендер мәселесі, ЛГБТК+ өкілдері туралы түрлі ақпарат берілген.

Алайда қазақстандықтар otinish.kz сайтында петиция жаралап, сайтты жабуды талап етуде.

«Біз – отбасы құндылықтарын бағалайтын 135 қазақстандық ата-анамыз. Басты мақсатымыз – қоғамда саналы ата-ана болу мәдениетін қалыптастыру. Бұл сайт өскелең ұрпаққа теріс нұсқаулар мен мінез-құлық үлгілерін қалыптастыруға әсер етуі мүмкін. Батыс өркениетінің қоғам арасында, оның ішінде тұрақты ақпараттық ресурста ашық насихатталып жатқаны бізді алаңдатады. Қазақстанның барлық азаматын бей-жай қарамауға шақырып, сайтты жабуды талап етеміз»,—делінген хабарламада.

Пікірлер