Солтүстік Корея жаңа ядролық қаруды сынады

1219
Adyrna.kz Telegram

Солтүстік Корея АҚШ, Жапония және Оңтүстік Кореяның әскери жаттығуларына жауап ретінде су астындағы ядролық қару жүйесін сынақтан өткізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Елдің әскери департаменті сынақтардың Жапон теңізінде жүргізілгенін мәлімдеді. Оларға КХДР Ұлттық қорғаныс академиясының су астындағы қару жүйелері институты жауапты болды.

«Haeil-5-23 сынақтан өтті. Дайындығымызды одан әрі арттыратын боламыз. АҚШ Әскери-теңіз күштері мен оның одақтастарының дұшпандық әскери әрекеттеріне тосқауыл қою үшін теңіздегі әртүрлі жауаптар жалғасады», - деді КХДР Қорғаныс министрлігі.

Пікірлер