Жер сілкінісінің ошағы – Испания. Төтенше жағдайлар департаменті тек ресми деректерге сенуді сұрады

1975
Adyrna.kz Telegram
Google Maps
Google Maps

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) жер сілкінісінің ошағы ретінде Испанияны көрсетіп, тек ресми деректерге сенуді сұрайды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазТагқа сілтеме жасап.

«Жер сілкінісінің координаттары с.е. бойынша 41,22°. б.б. бойынша 1,78°" – делінген сейсенбіге қараған түні сағат 00.30-да Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі жарияланған хабарламада – бұл хабарлама қала тұрғындарының өзі ғаламторда жер сілкінісі туралы жаза бастағаннан кейін жарты сағаттай уақыт өткен соң жарияланды.

Хабарда айтылғандай, жер сілкінісінің ошағы «Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырымда Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында» орналасқан.

Нақтыланған мәліметтер бойынша эпицентрдің координаттары 41.22° с. е.  78.65° ш. б.

Дегенмен көрсетілген координаттар Испания аумағына қатысты және белгіленген нүкте Барселонаға жақын теңізде орналасқан.

Бір қызығы, бұл ретте Төтенше жағдайлар қызметі тек ресми ақпаратқа сенуге шақырады.

Бұған дейін Төтенше жағдайлар департаменті Алматы тұрғындары 4 баллдық жер асты дүмпулерін сезінгенін хабарлаған. Кейін Алматыдағы жерасты дүмпулерінің күші шын мәнінде 5 балл болғаны белгілі болды.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер