Жер сілкінісінен кейін 44 адам медициналық көмекке жүгінген

920
Adyrna.kz Telegram

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 1-ден бастап Алматыда әртүрлі дене жарақаттарымен 44 адам медициналық көмекке жүгінген, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Зардап шеккендердің арасында басы көгерген, аяқ-қолы тартылған, сондай-ақ жеңіл және орташа дәрежедегі жарақат алған адамдар бар.
Оның 34-і ересектер, олардың 3-і ауруханаға жатқызылды, 31 адам амбулаторлық емдеуге жіберілді.

Сондай-ақ 10 балаға медициналық көмек көрсетіліп, оның 5-і ауруханаға жатқызылды, 5-еуі амбулаторлық емделуге жіберілген.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер