Моңғолияда газ тиелген жүк көлігі жарылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар

3927
Adyrna.kz Telegram

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда 60 тонна газ тиелген жүк көлігі жарылған. Жағдай ірі өртке ұласты, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Моңғолия News.mn ақпараттық сайтына сілтеме жасап.

«Ұлан-Батырдағы «Дүнжингарав» ірі базарының маңында 60 тонна газ тиелген жүк көлігінің жарылуы салдарынан өрт шықты», - деп хабарлайды портал.

Оқиға орнында құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр, қираудың нақты ауқымы мен зардап шеккендердің саны әлі белгісіз. Алдын ала бейресми деректер бойынша алты адам қаза тауып, оннан астамы ауруханаларға жеткізілген. 20-дан астам көлік өртеніп кетті.

Пікірлер