"Аллажар". Режиссер Қалдыбай Әбеновке ескерткіш-тақта орнатылды

1023
Adyrna.kz Telegram
Фото: aikyn.kz
Фото: aikyn.kz

"Аллажардың" режиссері Қалдыбай Әбеновке ескерткіш-тақта орнатылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Журналист Гүлжанат Шонабай Facebook желісіндегі парақшасында жаңалықпен бөлісті. Оның айтуынша 24 қаңтар күні қазақтың ұлтжанды азаматы, жанкешті режиссер Қалдыбай Әбеновтiң ескерткіш-тақтасы ашылды.

Тарихи сәтке осы игілікті іске бастамашы болған марқұмның досы Ерлан Декелбай бастаған бiр топ желтоқсаншы азаматтар, жазушы-журналист Көлбай Адырбекұлы, халықаралық "Қазақстан дәуiрi" газетiнiң бас редакторы Ертай Айғалиұлы, "Қазақстан" ұлттық арнасының Алматы қаласы филиалының директоры Сәуле Жиреншина, мәдениет қайраткерi Ғазизхан Әдiлханов, Қ.Әбеновтiң туыстары қатысты. Биiктегi ескерткіш-тақтаның бетпердесін ашу Қалекеңнiң ұлы Фарабиге бұйырды. Келген қонақтар естеліктер айтып, марқұмға Құран бағыштады, - деп жазды Гүлжанат Шонабай.

Еске сала кетейік, жазушы Роза Мұқанова "Аллажар" фильмі туралы естелігімен бөліскен.

Пікірлер