“Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған”. ҰҚК Алматыда заңсыз қару қоймасын тапты

2643
Adyrna.kz Telegram
Фото: GOV.kz
Фото: GOV.kz

Алматыда қару-жарақтың толық арсеналы сақталған қойма табылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қару-жарақ қоймасы 24 қаңтарда табылды.

“Калашников автоматтарын, тапаншалар мен мылтықтарды қоса алғанда 30 бірлік қару-жарақ, сондай-ақ 5 граната, 10 түтіндету құтысы және әртүрлі калибрдегі 221 патрон алынды”, - деп хабарлады ҰҚК.

Мәлімет бойынша, табылған қару «Қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған.

Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер