Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметіне кірісті

1429
Adyrna.kz Telegram

Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының төрағасы қызметіне кірісті. Бұл туралы Комиссияның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, 1 ақпанда Санкт-Петербургте Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының жаңа құрамы одақ мемлекеттерінің басшылары 25 желтоқсанда бекіткен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының жаңа құрамы жұмысын бастады. 

"Бүгіннен бастап ЕЭК Алқасының Төрағасы Қазақстан Республикасының өкілі Бақытжан Сағынтаев болды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар,  Санкт-Петербургте 25 желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшылары Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының жаңа құрамын бекітті.

Пікірлер